Өңіріміздегі автокөлік иелері жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді көптеп алуда. Өткен жылы жүргізушілер 23 VІР нөмір алса, биыл жыл басынан бері осындай 13 нөмір тіркеліп, бұдан мемлекеттік бюджетке 11 миллион 521 мың теңге қаржы түсті.
Облыстық ішкі істер департаменті тіркеу-емтихан жұмысы бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сергей Гизбрехт көлік жүргізушілер 555, 999 және 111 нөмірлерін иеленуге құмар дейді.
Айта кетейік, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерінің бағасы 422 мың 256 теңге болса, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері 253 мың 724 теңге тұрады.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.