Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді электронды үлгіде алу үшін бар жағдай жа-салған. Өткен жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызын, ал 2020 жылы 90 пайызын электронды форматқа көшіру көзделген. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Мемлекеттік қыз-мет істері агенттігі облыстық департаменті халық арасында мемлекеттік қызметтерді сандық жүйеде алуды насихаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.
Өткен жылы облыстық әкімдік пен “Аза-маттарға арналған үкімет” мемлекеттік кор-порацияның филиалымен бірлесіп әзірлен-ген желілік кесте аясында 825, ал өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында 61 169 оқыту жүргізілді. Шаралар барысында 78 мыңнан астам мемлекеттік қызметті электронды үл-гіде алуды үйрететін, қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіретін парақшалар мен жадынамалар таратылды.
Мемлекеттік аппарат тұрғындардың қа-жеттіліктеріне жауап беру үшін барынша ашық әрі қолжетімді болуы керек. Осы орай-да мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері көпшілік көңілінен шықты деуге болады. 2019 жылы осындай 82 жәрмеңке ұйым-дастырылып, оған алты мыңнан астам тұр-ғын қатысты.
Электронды түрде көрсетілетін қызмет-тердің үлесін арттыруда электронды-цифр-лық қолтаңбаның болуы және оны қолдана білу маңызды. Осыған орай департамент үстіміздегі жылы “Электронды-цифрлық қолтаңба – әрбір адамға” акциясын іске қосты. Аталмыш акция М.Қозыбаев атын-дағы Солтүстік Қазақстан университетінде және өңіріміздегі барлық колледждерде өтіп, білім ордаларының 10 мыңға жуық сту-денті мен оқытушысы қамтылды.
Индира БАЖЕНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.