Адамның бас сүйегі 29 түрлі сүйектен құралған.
Мидан шыққан нерв импульсі сағатына 274 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
Адам денесіндегі күкірттің мөлшері бір иттің үстіндегі бүргелердің бәрін жоя алады. Ал адам бойындағы көміртек 900 қарындаш жасауға, май мөлшері 7 сабын жасауға жетеді. Сонымен қатар денеміздегі сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.
Адам жүрегі бүкіл өмірінде 182 миллион литр қан айдайды.
Құрсақтағы нәрестенің 3 айлығында-ақ саусақ іздері пайда болады.
Ерлерге қарағанда әйелдердің жүрегі жылдамырақ соғады.
Оңқай адамдар солақайларға қарағанда орташа есеппен 9 жылға артық өмір сүреді.
Адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы ұзындығы, шамамен, 100 мың шақырым.
Адам денесінде кемінде 700 фермент жұмыс істейді.
4 жасар бала күніне орташа есеппен 450 сұрақ қояды.
Бактериялардың 1 пайызы ғана адамдарда түрлі дерт тудырады.
Дүние жүзіндегі адамдардың 7 пайызы ғана солақай.
Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 килограмды құрайды.
Әйелдер ерлерге қарағанда көзін 2 есе көп жыпылықтатады.
Адам денесіндегі ең күшті бұлшықет – тіл.