
“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Мұражайлар шеруі” республикалық акциясы өтті.
Акция аясында “Аily túnniń jaryģymen” атты фестиваль ұйымдастырылды. Бұл шараға қала тұрғындары, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Өнер колледжінің студенттері қатысты.
Мұражайға келушілер “Абылай ханның Ресей елшісімен кездесуі” атты Өнер колледжі студенттерінің қойылымын тамашалады. Фольклорлық ансамбль де рухани орданы әнге бөлеп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мұражай түнінде «Караоке» дәмханасынан дәм татқан қонақтар “Ғасырлар тоғысындағы тарих” квест-ойынына қатысып, кешті қызықты өткізді.
Сурет http://iqap.kz сайтынан алынды.