«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ “ЖАЗҒЫ АКАДЕМИЯ”

Бүгінде облыс орталығындағы оқушылар сарайы қосымша білім беру жүйесінде шә­кірттердің ғылыми-техникалық шығармашылығының, жобалау-зерттеу қызметінің, креа­тивті идеяларының ошағына айналып отыр. Жыл сайын каникул уақытын­да мұнда “Жазғы академия” алаңы ұйымдас­ты­ры­лады, оның мақсаты – STEAM-бі­лім беру бағ­дарламасы бойын­ша үйірмелердің әле­уетті білім алушыларын тарту арқылы Сол­түстік Қазақстан облысы оқушы­ла­рының бос уақыты мен дема­лы­сын ұйымдастыру. Академия жұ­мысы 6 жастан 14 жасқа де­йінгі балаларды қамти отырып, мау­сымдар мен ауы­сымдарға бөлінеді. 10 күн ішінде қызықты сабақтар, сондай-ақ спорттық ойындар, эста­феталар, кон­курс­тар, экскурсиялар, қаланың белгілі адамдарымен кездесулер, спорт­тық ойындар өткізіледі.

Академия басталғанға дейін әдістемелік бөлім педагогикалық ұжыммен бірлесіп үлкен дайын­дық жұмыстарын жүргізеді: іс-шаралар жоспары әзірленеді, бала­лардың жас ерекшеліктерін еске­ре отырып, сабақ кестесі жасала­ды, көрнекі және дидактикалық ма­териалдар, дамытушы ойын­дар мен әдебиеттер таңдалады. Әрбір топқа қосымша білім беру педагогтары қатарынан куратор­лар бекітіледі. Олар күн сайын ба­лаларды қарсы алады және шы­ғарып салады. Академияда қа­уіп­сіздік техникасы, тәртіп ере­же­лері бойынша нұсқама өткізеді жә­не балаларды ішкі күн тәрті­бімен танысты­рады, сондай-ақ күні бойы олар­ды сабақтарға ертіп жүреді. IТ-орталықтың ка­бинеттері мен зерт­ханаларының жабдықталуы балалардың ғылы­ми-техникалық және жаратылыстану-ғылыми ба­ғытта дамуына ық­­пал ететін сабақтар өткізуге мүм­­кіндік береді. Ака­демия са­бақтары оқушылардың ерте кә­сіби бағдарлануына ық­пал ететін хореография, вокал, театр және музыкалық аспаптар бойынша сабақтарды қамти оты­рып, эсте­тикалық бағытты да­мы­туға қызы­ғушылықтарын оятатыны сөзсіз.

Оқушылар сарайында жаңа­дан келген оқушыларды ғылыми-тех­никалық шығармашылыққа, жо­ба­лық, конкурстық жұмысқа тар­ту үшін білім берудің STEAM ба­ла­малы жоспары әзірленді. Жос­пар бірнеше кезеңнен тұра­ды. Бі­рінші кезең – “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік же­ліле­рін­де жарнамалық бейнеро­лик көру арқылы өз қызығу­шы­лық­тары, ата-аналарының, дос­та­рының ке­ңестері нәтижесінде баланы жаз­ғы академияға қа­был­дау.

Екінші кезеңде бала жоспарлан­ған іс-шараларға, “Жазғы ака­демия” шеңберіндегі үйірме­лер­ге қатысады, қызықты, шығарма­шы­лық тапсырмаларды креатив­ті тәсілмен орындайды, жаңа бі­лім, білік және дағдыларды мең­гереді. Осы уақытта мұғалім ба­ламен қажетті байланыс орна­та­ды, әңгімелер мен басқа да со­циологиялық жұмыс әдістерін жүр­гізеді, шеберлігін көрсетеді және балаға осы эксперимент­терді қайталауға және игеруге мүм­кіндік береді. Осылайша мұ­ға­лім баланың мінезін, темпе­ра­ментін, жоғары психикалық функ­цияларының деңгейін, оның мүд­де­лерін анықтауға тыры­сады.

Үшінші кезеңде бала шығар­ма­шылық тапсырманы орындай­тын бағытты, үйірмені және педа­гогты таңдайды. Осы жұмысты жеке немесе топтық деңгейде орындау арқылы бала оқу кезе­ңінде үйірмеге жазылу арқылы білімін, дағды­ла­рын жетілдіруге ынталанады.

Төртінші кезең – үйірме қыз­меті шеңберінде оқу бағдар­ла­масына және күнтізбелік-тақы­рыптық жоспарға сәйкес оқу кур­сынан өту. Педагог оқушылар­мен бірлесіп ғылыми-зерттеу қыз­метінің ауқымын белгілей­ді: оқу­шы өз қызығушылығына сүйене отырып, жеке жоба бо­йын­ша жұмыс істейтін болады не жұмыс тобына қосылады.

Бесінші кезең – жоба бойынша жұмыс. Зерттеу нәтижелерін, шы­ғармашылық қызметті ресімдеу. Қалалық, облыстық, республи­ка­лық және халықаралық деңгей­дегі конкурстарда, олимпиада­лар­да, турнирлерде өнер көр­сету.

Алтыншы кезең IT және ғылы­ми-биологиялық бағыттағы үйір­ме­лер қызметін қамтиды. Жоба­лау қызметінің жетістіктерін ком­мерцияландыру мүмкіндігін алу мақсатында инку­бация курсынан өту және ғылыми бизнес-идея­ларды акселера­ция­лау үшін Start-Up жобаны әзірлеу.

2019 жылдың бес маусымы­нан кейін (2020 жылы академия коронавирустық пандемияға бай­ланысты жұмыс істемеді) “Жазғы академия” курсынан өткен оқу­шы­лардың 82 пайызы үйірме­лерге жазылды. Оның ішінде оқу­шылардың 71 пайызы ғылы­ми-тех­никалық шығармашылыққа, жобалау-зерттеу, шығармашы­лық-эстетикалық қызметке бел­сен­ді қатысты. Оқушылардың 44 пайызы қалалық, облыстық, рес­публикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда, олим­пиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Осылайша “Жазғы ака­демия” бағ­дарламасы оқушы­лар­ды қо­сымша білім беру жүйе­сі­не тар­туға мүмкіндік берді.

Дина ӘБІЛМӘЖІНОВА,

“Оқушылар сарайы” МКҚК директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp