«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК ҚҰЛПЫРА ТҮСТІ

Қыз-келіншек атаулының жаны әдемІлікке құштар. Бас бостандықтарынан айырылып, темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатса да, әйелдер сұлулық әлемінен қол үзген емес. ЕС-164/6 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімі жазасын өтеушілер арасында ең үздік шаш үлгісі бойынша байқау өткізді. Байқауға қатысушылар қажетті керек-жарақтарын алдын-ала әзірлеп, өздерінің шығармашылық жұмыстарының тұсаукесерін жасады. Олар бұл жарысқа барын салып, шаш қою өнерінің қыр-сырына әбден қанық екендерін көрсете білді. Әсемдік әлеміне терең үңілген әйелдердің қиялы қазылар алқасы мүшелерін таң қалдырды.

 1-ші отрядта жазасын өтеушілер түрлі салтанатқа арналған классикалық шаш үлгісін таңдап, моншақ, лента және гүлдерді шебер қолдана білді. 2-ші отрядтағылар «Модерн» стилін жөн көріп, ассиметрия мен шаш өруден бар өнерін паш етті. Ал 3-ші отрядтағы әйелдер каре, шаш бұйралау және диадемамен әшекейлеуден алдына жан салмай, осы заманғы шаш үлгісінен хабардар екенін көрсете білді.
Жазасын өтеп жатқан әйелдердің бет-әлпеті заматта өзгеріп, құлпыра түскендері соншалық, оларды бірден танудың өзі қиынға соқты. Осындай шығармашылық шаралар жаза басқан әйелдердің көңіл-күйін көтеріп, бір серпіліп қалуына септеседі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp