“Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасы барысында Петропавлдағы қабылдау-тарату орнына тұрақты мекенжайы жоқ 289 тұлға жеткізіліп, барлығы да тіркеуге алынды.
Жоспарлы шара барысында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы 300-ден астам жертөлені, 200-ге жуық кәріздік құдықты, 250-ге жақын тұруға жарамсыз ғимараттарды, сондай-ақ, бірнеше ондаған шатыр, қоқыс алаңдары мен орман алқаптарын тексерген.
– Жедел-алдын алу жұмыстарын өткізу барысында іздеуде жүрген екі қылмыскер мен із-түзсіз жоғалған төрт тұлға анықталып, ұсталды, – дейді Петропавл қаласы ішкі істер бөлімі, қабылдау-тарату қызметінің инспекторы Адай Смайыл.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.