«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТАР ҰСТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық прокурорлар екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

Арнайы жүргізілген тексерістер мен талдау шаралары барысында салық төлеуден жалтаруды мақсат еткен  кәсіпкерлерге  жалған құжаттар жасап, заңсыз қызмет көрсеткен екі топ анықталды. Бір топтың құрамында 18 кәсіпорын бар екен, ал екіншісінің  қызметі экстремистерді қаржыландыруға қатысты деген күдік бар. Екі топтың заңсыз қызметінен мемлекетке 2 млрд теңге көлемінде шығын келген. 2 адам ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp