«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Ел көлемінде “Альтернативник” алдын алу шарасы өтті. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан болатын қылмыстардың алдын алуды мақсат тұтқан ауқымды шара аясында Қызылжар ауданында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде Қызылжар ауданының пробация қызметінде түрлі жеңіл қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан 80 сотталушы тіркеуде тұр. Аталған шара аясында 6 пробация қызметкері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп қоғамнан оқшауламайтын жазаға кесілген сотталғандардың тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында болып, тұрмыс тіршілігімен танысты. Сотталғандардың өздерімен және олардың туысқандарымен қылмыстың алдын алуға қатысты әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ, бірінші кезекте сотталғандардың жұмыстан бос уақыттарында немен айналысатындарына назар аударылды.

Тексеру кезінде, әсіресе, қайталап қылмыс жасауға бейім жандар назарға алынды. Осындай тынымсыз жұмыстардың нәтижесінде олардың тарапынан бірқатар сот бекіткен шарттардың бұзылғандығы да анықталды. Ондай азаматтарға тәртіптік шара қолданылды. Шара барысында аудан аумағында Батыс Қазақстан облысында жасаған қылмысы бойынша іздеуде жүрген Қызылжар ауданы Боголюбово ауылының тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Бауыржан БАЛГУЖЕНОВ,

Қызылжар ауданының

пробация қызметі бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp