Облыстағы 106 күзет құрылымы тәртіп сақшыларына құқық бұзушыларды құрықтауға жәрдемдесуде.
Өткен жылы күзет құрылымы қызметкерлерінің көмегімен бір мыңнан астам құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар олар 53 қылмысты ашуға қатысты.
– 16 күзет құрылымы мобильді топтарының 32 экипажы күн сайын күзетілетін нысандарға және полицияның біріккен күштерінің құрамында кезекшілікке шығып, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады, – деді облыстық полиция департаменті күзет қызметін бақылау жөніндегі бөлім бастығы, полиция подполковнигі Самал Қасенова.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.