Петропавлда облыстық ішкі істер органдарының өткен жылдағы жұмысы қорытындыланды. Жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Ерлан Тұрғымбаев қатысты.
2016 жылы облыс бойынша 9031 қылмыс тіркелген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға төмен. Қылмысты ашу деңгейі 66 пайызға артты, оның ішінде ауыр қылмысты ашу көрсеткіші 87, ал аса ауыр қылмысты ашу 97 пайызды құрады.
Жиын барысында өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған ішкі істер органдарының бөлімшелерін марапаттады.