Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы өтіп, онда жергілікті полиция қызметінің өткен жылдағы жұмысының қорытындылары тыңдалды.
— Былтыр жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыс саны 2015 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға азайды. Яғни, аса ауыр қылмыс 18,8, адам өлтіру 6,1, зорлау 44,4, ұрлық 7,7 пайызға төмендеді. Өңірімізде жасалған барлық аса ауыр қылмыстар ашылды, — деді облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.