«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен кезектi аппараттық кеңесте әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау шаралары жайлы айтылды.

Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарованың ақпараты бойынша жыл басынан облыста әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарлары бағасының индексi 1,7 пайызды құрады. Бұл – республикадағы ең төмен көрсеткiштердiң бiрi. Кейбiр азық-түлiктердiң босату бағасы өскен. Сонымен қатар қанттың бөлшек саудадағы құны 6,1 пайызға төмендеген.

Алдағы уақытта бағаның өсiмiн болдырмау мақсатында тиісті шаралар атқарылатын болады. Көкөнiстердiң құнын тұрақтандыру үшiн сәбiз бен өзге де бақша өнімдерін қаланың сауда орындарына тiкелей жеткiзу бойынша уағдаластықтар жасалыпты. Аппараттық отырыста облыста заманауи көкөнiс қоймасының жоқтығы сөз болды. Осыған байланысты өңір басшысы Ерiк Сұлтанов тиiстi органдарға бұл мәселенi жақын арада шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp