«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫМБАТ КӨЛІКТІҢ НӨМІРІ ДЕ ҚЫМБАТ

Біздің облысымызда автокөліктеріне VIP нөмір сатып алушылар саны артып келеді. Жыл басынан бері 57 беделді нөмір сатылып, өңір қазынасы 19 миллион теңгеге толықтырылды. Жақында тағы бір облыс тұрғыны зайыбының, анасының және өзінің көлігі үшін “555” нөмірлік белгісіне 1 миллионнан астам теңге жұмсапты. Ал жерлес жүргізуші бірыңғай санды қымбат белгілерді жүк көліктеріне арнап сатып алған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда көлік иелерінен 001, 111, 555, 777 және 999 нөмірлеріне сұраныс көп. Тәртіп сақшыларының айтуынша, беделді нөмірлер “Мерседес”, “Тойота Ланд Краузер” және “Лексус” секілді қымбат көліктер үшін сатып алынады екен.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp