Еліміздің “Жол қозғалысы туралы” Заңына сәйкес облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 001, 002, 003, 100, 200, 300, 777, 888, 999 секілді бірыңғай нөмірлер сатылымға шығарылды. Былтыр жалпы сомасы 22 миллион теңгенің 67 нөмірі сатылыпты.
Облыстық ішкі істер департаментінің емтихан алу-тіркеу жұмысы бөлімінің бастығы Сергей Гизбрехттің айтуынша, темір көлік тізгіндегендердің 001, 002, 555, 777, 888 және 999 сынды нөмірлеріне сұранысы артқан. Көбіне бағалы нөмірлерді “Тойота Ланд Крузер”, “Lexus LX-570” және “Тойота Камри” секілді қымбат автокөліктердің иелері сатып алады екен. Тағы бір жерлесіміз “КамАЗ” жүк көлігі үшін 555 нөмірлік белгісінен қаржысын аямапты. Жыл басынан бері құны 1 741 341 теңгенің нөмірлері саудаланған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.