«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Отбасы күні мерекесі аясында кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында семинар болып өтті. Облыстық жастар бастамалары орталығы мұрындық болған іс-шара “Менің отбасым және отбасылық құндылықтар” тақырыбында өрбіді.

Петропавл қаласындағы колледж студенттерінің қатысуымен өткен шара барысында отбасы институтын нығайтып, мәртебесін жоғарылатып, ата-анаға құрметпен қарап, қошемет көрсету әрбір азаматтың борышы екені тілге тиек етілді.

Ұйымдастырушылар отбасы өмірін жастарға насихаттай келе, шаңыраққа байланысты айтылған дана сөздердің мән-мағынасына үңіліп, отау құрып, ұрпақ өрбіту адамзаттың асыл парызы екенінің маңыздылығына баса назар аударды.  

Ақ халатты абзал жандар әке, ана, бала отбасын құрайтын шағын мемлекет деген ойды діттеп, денсаулықтың баға жетпес байлық екенін сөз етті. Жиын соңында мамандар жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қатысушылар өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp