«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында тұратын кәсіпкер Руслан Низамов Петропавл қаласында автокөлік ұрлаған адамды құрықтауға көмектесті. Атап айтқанда, 30 қараша күні таңертең ертемен 32 жастағы жігіт бірнеше жерден зақымданған және жол бойына қалай болса солай қойылған көлікті байқайды. Оған жақындап келсе, газды қайта-қайта басқан жүргізушінің жүзі таныс екен. Бірақ Руслан оның жеке автокөлігі жоқтығын білетін, әрі оның мас екені алаңдатып, күдік туғызады. Ол дереу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарласып, бұл оқиға туралы хабарлайды. Жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары автокөлікті ұрлаған адамды құрықтайды. 

– Менің әкем 25 жыл бойы полицияда еңбек етті. Ол әрдайым өмірде қырағы болуды және адамдар қиын жағдайларға тап болған кезде көмек қолын созудың қажеттілігін санамызға құйып еді. Мен де мұндай келеңсіз оқиғаны көрген сәтте бей-жай қарау дұрыс емес деп санадым, – дейді Руслан Низамов.

1-ші полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Балабек Жахиннің айтуынша, қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Темір тұлпардың облыс орталығында ұрланғаны туралы белгілі болды. “Volkswagen Passat” маркалы автокөлік өзінің иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp