«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

5-6 қыркүйек күндеріне «Қазгидромет» мамандары ескерту жариялады. Оңтүстіктен келген циклонның әсерінен қатты жел тұрып, жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. 

Жалпы  қыркүйек айында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Ауаның орташа температурасы +10-+11 градус болмақ деп болжанып отыр.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы +10 градусқа дейін төмендесе, ал екінші және үшінші онкүндіктің соңына қарай  күн жылынып, +28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жауын-шашынның айлық мөлшері  – 25-34 мм.  Бірінші және екінші онкүндіктің  ортасында кей жерлерде шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болмақ. 2003 жылы 3 қыркүйек күні өңірімізде ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріліп,  аптап ыстық болған екен. 

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp