Облыста “Борышкер – Должник” жеделалдын алу шарасының екінші кезеңі мәре алды.
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Едіресов айтқандай, оған қалалық және аудандық әкімшілік полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы – 460-тан астам инспектор жұмылдырылып отыр. Әзірге жол-патрульдік полициясы жол үстіндегі борышкерлерді анықтау үстінде, учаскелік инспекторлар борышкерлерді тұрғылықты жерлері бойынша іздеп табуда. Құқық тәртібі сақшыларымен бірге сот орындаушылары жұмыс істейді.
Шараның алғашқы тәулігінде полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге 32 рейд өткізді, соның нәтижесінде 3 миллион теңгеден астам қарыз өндірілді. Арнайы тұраққа 5 автокөлік қойылды. “Борышкер” операциясының алғашқы төрт күндік кезеңінің нәтижесінде айып тұрағына 46 автомобиль жеткізілді. Сомасы 18 миллион теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынды. Шараның екінші кезеңі кеше аяқталды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.