
Желмен жарыса жүгіріп, қырық шақырымды басып өту – екінің бірі бағындыра бермейтін белес. Мұндай сында әбден төселген марафоншылар ғана сүрінбейді. Сондай төзімді жандардың бірі Жамбыл ауданындағы Ольговка ауылында тұрады. Жақында елімізге танымал марафоншы, спорт шебері, 42 жастағы желаяқ Әскер Қожановпен сұхбаттасқан едік.
– Әскер Айбергенұлы, асқан шыдамдылықты қажет ететін спорт түріне қалай келдіңіз?
– Ауылда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркін Аңдыбаевтан шаңғы тебу мен велоспорттың қыр-сырын үйреніп, көптеген мектепаралық сайыстарда топ жардым. Ал 1995-1997 жылдар аралығында әскерде жүргенімде жүгіру бойынша алдыма жан салмадым. Отан алдындағы борышымды өтеп келгеннен кейін Благовещенка ауылының марафоншысы Николай Самойловпен танысып, спорттың аталмыш түріне көңіл қойдым. Сөйтіп, 2000 жылдан бастап қысы-жазы жаттығып, түрлі жарыстарға қатысып жүрмін.
– Жігерлі жігіт үшін жетістіктердің де ауылы алыста болмаған шығар?
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы 25 шілдедегі №85 санынан оқи аласыздар.