Қырғызстан Республикасының 37 жастағы азаматы өз елінде жасалған ірі алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен іздестіріліпті. Алдымен Алматы қаласына тоқтаған ол кейін Солтүстік Қазақстан облысына жол тартуды көздепті.
Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жүрген жері бірден анықталды. Өңір тәртіп сақшылары жыл басынан бері шетелдік әріптестері іздеу жариялаған екінші күдіктіні қолға түсіріп отыр. Қаңтар айының соныңда Ресей Федерациясының Қорған облысында бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген өңір тұрғынының жүрген жері анықталған болатын.
Жалпы облыс аумағында жыл басынан бері қылмыс жасағандығы үшін 12 адамға іздеу жарияланса, бүгінде олардың 10-ы ұсталды. Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған жеті адамның бесеуі табылған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.