«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚАША

Катардың Доха қаласында жеңіл атлетикадан өткен Азия біріншілігінде жерлес спортшы Лада Фомина 2000 метрге кедергімен жүгіруде қола медальға ие болды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.  

* * *

Солтүстікқазақстандық балуандар Атырауда грек-рим күресінен өткен ел біріншілігінен оралды. Алпамыс Дастанбек (42 кг.), Эли Магомадов (69 кг.) және Евгений Горбузняк (85 кг.) жеңімпаз атанса, Саят Әлжанов (46 кг.) пен Станислав Рыльский (76 кг.) күміс, Нұрлыбек Сейітқалиев (54 кг.), Әділбек Медиман (54 кг.) және Михаил Обухов (70 кг.) қола медальды иеленді.

* * *

Астана қаласында көркем гимнастикадан ел біріншілігі аяқталды.

Аталмыш сайысқа қатысқан жерлес гимнасшылар топтық жаттығуларда сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, топтық жаттығулардың жеке түрлерінде Олеся Колышева, Елизавета Завацкая, Аделия Тұяқова, Карина Кырымбаева, Дарья Шапкина, Гилана Тұяқова және Дарья Медведева қола медальға қол жеткізді. Көпсайыста Олеся Колышева, Елизавета Завацкая, Аделия Тұяқова, Гилана Тұяқова, Карина Кырымбаева және Дарья Шапкина күміс медальды еншіледі.

* * *

Щучинск қаласында радио-спорттан ел біріншілігі өтті.

Қызылжарлық Дмитрий Мец екі қола медальды жеңіп алды.

* * *

Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ел біріншілігі аяқталды. Солтүстікқазақстандық балуандар Даниал Қаби мен Жандос Алтаев қола медаль иегері атанды.

* * *

Ресейдің Татарск қаласында шайбалы хоккейден халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Солтүстікқазақстандықтар үшінші орынға ие болды.

* * *

Петропавл қаласында “Өрт сөндіруші” АҚ облыстық филиалы жергілікті өртсөндіруші мамандар арасында сайыс ұйымдастырды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай қолға алынған спорттық шараға әрқайсысы 6 адамнан жасақталған 3 құрама команда қатысты.

Тартысты өткен дода барысында жергілікті құтқарушылар шағын футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша сынға түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша өте жақсы өнер көрсеткен №1 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жеңімпаз атанды. Өрттердің алдын алу және сөндіру нұсқаушыларының құрама командасы екінші орынға көтерілсе, ал апаттық-құтқару қызметінің командасы үшінші болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp