«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚАША

Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден ел біріншілігі өтті. Оған 8 команда, 90 спортшы қатысты.

Додада өңір намысын қорғаған Алена Щелкунова акробаттық жолақта жеңімпаз атанды.

** *

Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы VII жазғы спартакиада аясында спорттық акробатикадан жарыс өтті. Оған елдің барлық өңірлерінен 37 ұл мен 32 қыз қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық акробатшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Спортшыларға нақты тоқталсақ, Екатерина Морозова спорт шебері бағдарламасындағы гимнастикалық көпсайыста 3-орынға қол жеткізді. Жас гимнасшы ақтық кезеңде үш қола және күміс медаль иеленді. Милана Кузнецова гимнастикалық көпсайыста, ақтық кезеңде және спорт шеберлігіне үміткерлердің бағдарламасында үшінші болды.

Екатерина Ерехинская спорт шеберлігіне үміткерлердің бағдарламасында екі мәрте – үшінші, Алина Стрекалова бірінші спорттық разрядта екі үшінші орынды жеңіп алды.

***

Солтүстікқазақстандық жеңілатлетшілер Шымкентте өткен мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы VII жазғы спартакиадада жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды. Ал ерлер эстафетасында жерлес спортшылар екінші болды.

Спортшылар жекелей сында да жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Никита Головкин 1500 метрде, Максим Исаев кедергілермен 110 метрге жүгіру – де – үшінші, ал ұзындыққа секіруде екінші орынды иеленді. Тағы бір жерлесіміз – Яков Кужилин үш қарғып секіруде – екінші, Денис Тимофеев ядро серпу тапсырмасында екінші болды. Лада Фомина екі алтынға қол жеткізді. Атап айтқанда, ол 3000 метрде және кедергілермен 2000 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсетті. Ал Виктория Федорова дискіні лақтыруда – бірінші, ядро серпуде үшінші болса, Анастасия Саромотина балға лақтыруда – бірінші, дискі лақтыруда үшінші болды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp