«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қысқаша

КӨПКҮНДІК ВЕЛОЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында Александр Винокуров атындағы жүлде үшін көпкүндік республикалық веложарыс басталды. Оған 15 команда қатысуда.

Веложарыс Қызылжар ауданындағы Новокаменка ауылының маңында өтуде. Жарысқа мұрындық болған– жерлесіміз, атақты спортшы Александр Винокуров. Астаналық велошабандоздармен көптен бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, ол жарыс ұйымдастырудан, жүлде тігуден қалыс қалған емес. Осыған орай жыл сайын қатысушылардың да саны артып келеді.

Алтыкүндік веложарыс нәтижесі бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталатын болады.  

ЖАСЫЛ АЛАҢДА – БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР

“Саламатты ұрпақ” жобасы аясында облыс орталығында белсенді жастар ұйымдары арасында футболдан турнир өтті.

Спорттық шараға “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері, “Еріктілер мектебі”, “Тайга” сауда үйі және “Қызылжар су” ЖШС-нің белсенді жастары қатысты.

Өңір жастарының патриоттық сезімін ояту, саламатты өмір салтын ұстануға үгіттеуге шақырған сайыстың қорытындысы бойынша, “Қызылжар Су” ЖШС-нің құрама командасы жеңімпаз атанды. Ал жасотандықтар екінші орыннан көрінді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp