«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚАША

Алматыда ережесіз жекпе-жектен Қазақстан кубогы аяқталды.

Бәсекелі жарыста 65 килограмм салмақ дәрежесінде Алтынбек Бәжімов екінші орында болса, Айбас Қонқаев 84 килограмм салмақта үшінші орынға тұрақтады.

* * *

Орал қаласында спорт мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі мәреге жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды қызылжарлық дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының құрама командасы жеңіп алды.

Ал жекелей сында Саят Әлжанов (42 кг.), Михаил Обухов (76 кг.), Алпамыс Дастанбек (46 кг.) жеңімпаз атанды. Эли Магомадов (63 кг.) пен Ақжол Тұяқов (50 кг.) күміс медаль еншілесе, Дәулет Ізтілеуов (58 кг.), Нұрлыбек Сейітқалиев (54 кг.), Станислав Рыльский (69 кг.) және Евгений Горбузняк (85 кг.) үздік үштікті тұйықтады.

* * *

Өскемен қаласында ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтті.

Аталмыш додада өнер көрсеткен солтүстікқазақстандық Айдар Қазов 77 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp