«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚА ЕРТЕ ҚАМДАНУ ҚАЖЕТ

Жылыту маусымының баста­луына аз уақыт қалды. Қысы қыты­мыр өңір үшін қысқа ертерек қамдану маңызды. Жылу жүйелерінің уақытылы және сапалы дайында­луы өңір тұрғындарының қалыпты тіршілігі мен қауіпсіздігі үшін қа­жет. Бұл орайда негізгі жүктеме об­лыс орталығы – Петропавл қаласы­на түсетіні белгілі. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орта­лығындағы Петропавл №2 жылу-электр орталығының қысқа әзірлігін тексерді. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жауапты мамандармен кеңес өткізді.

Жылыту маусымына дайын­дық мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Президент Петро­павл №2 жылу-электр орталығын­дағы жөндеу жұмыстарын мерзімін­де аяқтап, жылумен және электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау­ды қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда стансадағы №2 тур­богрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді, темір жол желісін күрделі жөндеу толық аяқталды. Сонымен қатар №1 және №4 қазандық агре­гаттары мен №6 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жасалды. Қазіргі таңда №2 қазандық агрегаты қайта жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ №3 және №11 қазандық агрегатта­рына, №6 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде, – деді облыс әкімі Ғауез Торсанұлы.

Өңір басшысының айтуынша, жоспар бойынша негізгі және қо­салқы жабдықтарға да регламенттік жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмыс­тар бекітілген кестеге сәйкес орын­далып, қазіргі уақытта жалпы кө­лемнің 60 пайыздан астамы аяқтал­ған. Бұл – алдағы жылыту маусы­мын тұрақты әрі апатсыз өткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыс­тарының маңызды бөлігі – жаңа мұржаны іске қосу да жоспарға сай жүріп жатыр. Жаңа мұржа қыркү­йек айының соңында толық пайда­лануға беріледі. Нәтижесінде биыл­ғы маусымда жылу-электр орталы­ғында үш мұржа қатар жұмыс іс­тейтін болады.

Жылыту жүйесімен қатар қа­ладағы тұрғын үй қорының дайын­дығы да басты назарда. Қазіргі таң­да қала бойынша 271 көппәтерлі тұрғын үйдің жылыту жүйелері жуылып, сынақтан өткізілді. Қала әкіміне осы бағыттағы жұмысты ба­қылауда ұстауды және қарқынды арттыруды тапсырдым. Жоспарға сәйкес, барлық дайындық жұмыс­тары 15 қыркүйекке дейін толық аяқталуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ, «Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp