
Қысқы балық аулаудың қызығы мен қаупі бірдей. Петропавлдық әуесқой балықшылардың сүйікті орны – Есіл өзені. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерi облыс орталығының маңайындағы су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында кезектi рейд өткiздi. Құтқарушылар балықшыларға тақырыптық парақшалар мен нұсқамалар таратып, мұздағы қауiп-қатерді тағы бір естеріне салды. Сондай-ақ, төтенше жағдайға тап бола қалған жағдайда не істеу керектігін түсiндiрдi.
Мұндай іс-шаралар облыс аудандарында да өткізілді. Мұндай рейдтер қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді және балықшыларға ой салады.