«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА

       
Биыл облысымызда жылыту маусымы қыркүйек айының соңына қарай басталады. Бұл кезде өңір тұрғындарына 385 мың тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның он пайызы, яғни 38 мың тоннасы дайын. 

Облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айдархан Мусиннің айтуынша, қара отын облыстың 33 теміржол тұйығында сақталған. Ал Петропавл қаласы бойынша қорда 5 мың тонна көмір бар.
– Әдетте тұрғындар көмірді күздегі қарбалас уақытта сатып алып жатады. «Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, бұл жұмысты жаз айларында тындыру керек. Бір тонна көмірдің бағасы оның түріне қарай 8,5-16,5 мың теңге аралығында. Бюджеттік ұйымдарға 147 мың тонна көмір жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды. Қазіргі таңда өңірдің теміржол бекеттеріне оның 72 пайызы жеткізілген, – деді Айдархан Балтабайұлы.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp