Биылғы қыс тұрғындарды тоңдыратын сыңайлы. Өткен жылы қар аз жауып, аязды күндерден көз ашпаған едік. Біздің мамандарымыздың жүргізген сараптамаларына сәйкес, биылғы қыс та суық болады, ал қар әдеттегі мөлшер шамасында жауады деп болжануда.
Желтоқсан айында антициклондардың әсерінен өңіріміздің басым бөлігінде ауа райы аязды және қардың мөлшері аз болады деп күтілуде. Ал ауа температурасы 12-14 градус суықты көрсетеді. Бірақ соңына қарай 35 градусқа дейін төмендейді. Түскен қардың қалыңдығы 16, кей жерлерде 27 миллиметр болады деп күтілуде.
Қаңтар айында Сібір антициклоны 30-40 күнге созылады. Табиғи құбылыстың әсерінен орташа температура өңіріміздің басым бөлігінде 14, ал кейбір жерлерде 17 градусқа дейін төмен болады. Кей күндері сынап бағанасы 35-40 градусқа дейін төмендеп, саршұнақ аязды күндер орын алуы мүмкін. Бұл айда қар мөлшері қалыпты болады деп күтілуде. Оның қалыңдығы 14, кей жерлерде 23 миллиметр аралығында болады.
Ақпан айында ультраполярлық үстемдіктің салдарынан ауа райының орташа көрсеткіші 14-16 градус суықты көрсетеді деп болжануда. Сонымен қатар қыстың соңғы айының алғашқы онкүндігінде ауа райы 30 градусқа дейін төмендеп, аязды күндер тіркеледі. Қалың қар жауады. Ақпанның екінші онкүндігінде ауа райы жылына бастайды. Боран соғып, қар қалыңдайды.
Наталья ЛЕВИНА,
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы директорының орынбасары.