«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚЫС – 2019» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

 

«Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында облыстың елді-мекендерінде аудандарда шұғыл әрекет ететін жасақтар құрылып, арнайы техниканың мүмкіндіктері тексерілді, жеке құрамның өз міндеттерін қаншалықты білетініне назар аударылды.

 Одан кейін департамент, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметі қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибелік іс-шаралар пысықталды. Жолдарды қардан тазарту, адамдарды эвакуациялық қосындарға көшіру, оларға медициналық көмек жасау, тамақпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз ету мәселелері қалай шешілетіні сөз болып қана қоймай, тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сондай-ақ, жауапты мекемелердің мамандары зақымданған байланыс және электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіріп, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы шартты өртті сөндірді.
Оқу-жаттығу кезінде адамдарға уақтылы көмек көрсетуге, оларды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Бірінші кезекте балаларға, әйелдер мен қарттарға көмек көрсетілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp