«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫТАЙҒА ҚҰС ЕТІ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Өңірімізге Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин бастаған делегация ресми жұмыс сапарымен келді.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбе­тов ҚХР делегациясымен кездесіп, об­лыстың инвестициялық және экс­порттық әлеуеті, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалар мен өңіраралық серіктестікті дамыту мәсе­лелерін талқылады.

«Қытай – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Мемлекет басшысы атап өткендей, екі ел ара­сындағы қарым-қатынас жаңа «алтын кезеңге» қадам басты. Солтүстік Қа­зақстан облысы осы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға мүд­делі», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

2025 жылдың алғашқы жарты­жылдығында облыс пен ҚХР арасын­дағы тауар айналымы 76 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен са­лыстырғанда едәуір өскен. Экспорт­тың негізгі бөлігін дәнді және майлы дақылдар құрайды. Сонымен қатар өңірде құрама жем өндірісін дамыту бағытында жобалар іске асырылып жатыр.

Инвестициялық инфрақұрылым­ды дамыту мақсатында «Qyzyljar» ар­найы экономикалық аймағында және оның субаймақтарында бірқатар жо­балар жүзеге асуда.

Тайынша ауданында қытайлық «Айцзю» корпорациясы майлы да­қылдарды өңдеу, құрама жем шығару және диірмен кешенін дамыту бағы­тында табысты жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге агроөнеркәсіптік парк құру жоспарланған.

2025 жылғы мамырда Қазақстан мен Қытай арасында құс етін экспорт­тауға қатысты қол қойылған хаттама жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Экс­портқа өнім шығаруға дайын кәсіпорындардың бірі – «Северный брой­лер» құс фабрикасы.

Білім беру саласында да ынтымақ­тастық дамып келеді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен, оның ішін­де Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен тығыз байланыс орнатқан.

«Солтүстік Қазақстан облысы Қы­тай Халық Республикасымен эконо­микалық, инвестициялық және гума­нитарлық байланыстарды одан әрі ны­ғайтуға мүдделі. Біз өңірімізде екі елдің жетекші бизнес өкілдерінің қатысуы­мен халықаралық бизнес-форум өткізу мүмкіндігін қарастырудамыз. Мұндай алаң іскерлік байланыстарды кеңейту­ге, өзара тиімді жобаларды ілгерілетуге және өңіраралық серіктестікті терең­детуге ықпал етеді деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp