«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫШ ӨНЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛАР

Саздан жасалған құмыралар, мүсіндер, ыдыс-аяқтарды жиі кездестірсек те, оларға аса қатты мән бермейміз. Алайда, қыш өнерінің адамға тигізер пайдасы зор екен.

Өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектебіндегі қыш өнері үйірмесінің жетекшісі Вадим Вольфтің айтуынша, саз балшықпен жұмыс істеу бала үшін аса пайдалы. Балшықтың құрамында кальций элементтері бар. Яғни, сазды ұстаған кезде алақан арқылы ағзаға пайдалы дәрумендер тарайды. Оны қолмен илеу арқылы сүйек қатаяды. Сонымен қатар бала еңбекке үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Туған жердің топырағымен баланың бойында елге, жерге деген ерекше сезім, құрмет қалыптасады. Балаларға балшық илету арқылы әртүрлі психофизиологиялық аурулардың алдын алуға болады. Мәселен, баланың ойлау қабілеті жетіліп, тепе-теңдікті ұстау, визуалды көру, өзіне деген сенімділік артады.
Бүгінгі таңда қыш өнері үйірмесіне жиырмаға жуық оқушы қатысып, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасауда.
– Қажет саз балшықты Көкшетаудан әкелеміз, жергілікті балшықты да пайдаланамыз. Балалардың бұл үйірмеге деген қызығушылығы зор болғанымен, кірпияз өнерді меңгеруге шыдамдылықтары жетпей жатады. Бірақ төзімді балалар игеріп, өз бетінше еңбек етуге үйренді, – деген үйірме жетекшісі Вадим Викторович көне өнерге құрметі зор Айдар Ерғали, Даяна Азмұхаметова сынды оқушыларының талабы жақсы екенін атап өтті.


Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp