«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰБЫР ЖАРЫЛДЫ

Кеше Петропавлда кешкі сағат 18.00 шамасында облыс орталығында құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен облыстық балалар ауруханасы жылусыз қалды.

– Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Таяу уақытта жылу берілу қалпына келтіріледі, ең алдымен аурухана қосылады. Содан соң үйлерге беріле бастайды, – деді журналистерге берген сұхбатында «СолтҚазЭнерго» акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Андрей Агеев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат диаметрі 320 миллиметрлік ескі құбырдың жарылуы салдарынан болған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp