«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Петропавл қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекте тұрған азаматтар үшін Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша “Барлық санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй” бағытында “Өңірлерді дамыту – 2020” бағдарламасына сәйкес пәтерлерді сатып алуға құжаттарды қабылдау басталады. Гастелло көшесі, 50 және Гастелло көшесі, 52 мекенжайлары бойынша “Береке” шағынауданында екі және бесқабатты тұрғын үйлер салынуда, оларда 72 пәтер бар.

Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 27 шілдеден бастап, 5 тамызға дейін Петропавл қаласының тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторында (Қазақстан Конституциясы көшесі, 23-үй, 18-кабинет) жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына және пәтерлердің түрлеріне сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

Әлеуетті қатысушылар өтінішті бір рет қана беруге құқылы. Соның өзінде өтінішті тікелей тұрғын үйге мұқтаждар есебінде кезекте тұрған адам ғана беруі тиіс.

Бағдарлама шеңберінде оның барлық бағыты және Қазақстан Республикасының бүкіл аймақтары бойынша бір тұрғын үйді ғана жекеменшікке сатып немесе сатып алу арқылы жалға алуға болады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp