«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЖАТ АЛУҒА ҚОЛАЙЛЫ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіру және облыс тұрғындарының материалдық шығынын азайтып, уақытын үнемдеу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мен Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы меморандумға қол қойды.

Енді халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары облыстық перинаталдық орталыққа және аудандардағы перзентханаларға күн сайын барып, арнайы бөлінген кабинетте өтініштерді және құжаттарды қабылдайды. Ұсынылған құжаттарды толық тексергеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде “Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу” мемлекеттік қызметін алуға өтініш толтырылады. Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты маманы туу туралы куәлікті алғаннан кейін “Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау”, “Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу” және “Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою” өтініштерін әзірлейді.

Туу туралы куәлікті ата-аналар, құжаттарды қабылдау күнін қоспағанда, 2 жұмыс күні өткеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталығынан алады, жәрдемақыны тағайындауға қатысты ақпарат sms-хабарлама арқылы жіберіледі. Ал балабақшаға кезегі туралы ақпаратты egov.kz “Электрондық Үкімет” порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығының “Connection Point” өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында қарауға болады.

Мақсат ҚАСЫМОВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp