«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЖАТ РЕСІМДЕУ ЖЫЛДАМДАТЫЛДЫ

Елімізде құрылыс-монтаждау жұмысына лицензия беру уақыты қысқарды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды.

Бүгінде облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 4 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынады. Оның барлығы былтырдан бері электрондық форматқа ауыстырылыпты. Оның ішіне сарапшыларды аттестаттау, лицензия беру сынды қызметтер бар. Жыл басынан бері ведомство 72 тұрғынға қызмет ұсынған.
Облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаевтың айтуынша, құжатты ресімдеу уақыты 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. “Біз өтініш бергендердің барлығына бірдей рұсат құжатын таратпаймыз. Кейбір жағдайда өтініштерін мақұлдамаймыз. Себебі, кейде олардың жоспарлаған жұмыстары талапқа сай болмай жатады”, деді басқарма басшысы.  

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp