«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕРДЕГІ” ӨЗГЕРІСТЕР

Жергілікті “Құлагер” хоккей командасы ұжымға жазда қосылған қос бірдей финн ойыншысы – қорғаушы Ансси Рантанен мен шабуылшы Янне Лаакканенмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды хоккей клубының баспасөз қызметі.

Екеуі де Қазақстан кубогы мен ашық чемпионаттың алғашқы айналымында сәтті өнер көрсетті. Ансси Рантанен ел біріншілігінде 34 кездесу өткізіп, 16 нәтижелі балмен көзге түскен. Енді қорғаушы өзінің спорттағы жолын даниялық “Сондерийске” хоккей клубында жалғастырмақ. Ал Янне Лаакканен болса осыған дейін “Құлагер” сапындағы ең үздік шабуылшы саналып келгенді. Ол 35 кездесуде 14 нәтижелі пас беріп, қарсыластар қақпасына 23 шайба соққанды. Ресми емес деректер бойынша финн ойыншысы енді Беларусьте ойнайтын болады.

Сонымен “Құлагер” хоккей командасының сапын ресейлік шабуылшы Кирилл Елагин толықтырды. 28 жастағы хоккейші бұған дейін жоғары лигадағы қорғандық “Зауралье” командасының намысын қорғаған. Онда 21 кездесу өткізіп, 11 нәтижелі балл еншілеген.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp