«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕРДІҢ” АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ

Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей клубы Көкшетауда өткен “Жеңіс кубогы” атты маусымалды турнирде алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Сайыстың алғашқы күні жерлестеріміз көкшетаулық “Арлан” хоккей командасымен кездесіп, 6:3 есебімен басым түссе, екінші күні астаналықтарды 4:3 есебімен ұтты. Сенбі күні Рудный құрама командасын 2:1 есебімен тізе бүктірсе, жарыстың соңғы кездесуінде Қарағандының “Теміртау” құрамасынан 4:2 есебімен басым түсті. Сөйтіп, “Құлагер” “Жеңіс кубогын” иеленді.  

Айта кету керек, “Құлагер” командасы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен өткен жылы ғана құрылған болатын. Оның құрамында легионерлермен бірге солтүстікқазақстандық хоккей мектебінің тәрбиеленушілері де өнер көрсетуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp