«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚҰЛАГЕРДІҢ» ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” командасы шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігі аясында Астана қаласының “Номад” клубын қабылдады.

Бірінші кезеңнің 15-ші минутында елордалық шабуылшы Андрей Рунов есеп ашты. Екінші кезеңнің 18-ші минутында Кирилл Савицкий әріптесінің жетістігін қайталады. Ал тағы екі минуттан кейін петропавлдық клубтың мүшесі Дмитрий Исмагилов қарсылас команданың қақпасына шайба салды. Содан кейін шабуылшы Кирилл Власов мергендік танытып, есепті теңестірген. Кездесудің 26-шы минутында жерлес хоккейші Евгений Попитич қарсыластарынан айласын асырып, “Номад” хоккей клубының қақпашысын қапы қалдырды. Алайда, үшінші кезеңде астаналықтар – Артемий Лакиза, Андрей Яковлев және Кирилл Шмурыгин жерлестеріміздің қақпасына үш шайба салып, кездесу 3:5 есебімен аяқталды.

Келесі күнгі қарымта кездесу біз үшін нәтижелі болды. Есеп 3:1. Жерлестер арасында Денис Стасюк, Алексей Грищенко және Илья Ахметов шайба авторы атанса, қонақтар тарапынан Валерий Гурин қақпамызға бір шайба салды.

Қос кездесуден кейін “Құлагер” командасы 57 ұпаймен ел біріншілігінің турнир кестесінде 6 орынға тұрақтады.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp