«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕРДІҢ” ҚОС ЖЕҢІСІ

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” хоккей командасы сырт алаңда оңтүстікқазақстандық “Алматы” құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті.  

Алғашқы ойынның үшінші кезеңінде петропавлдық қорғаушы Ансси Рантанен қарсыластардың қақпасына шайба соқса, соңғы жеңіс голын команда капитаны Ильгиз Нуриев енгізді. Келесі күнгі қарымта кездесуде Ильгиз Нуриев, Янне Лааконен, Тони Видгрен және Владислав Никулин солтүстікқазақстандықтарға екінші жеңісті сыйлады. Екінші ойынның есебі 4:3 (1:1, 1:1, 2:1). Сөйтіп, жеңіске жеткен жерлестеріміз 6 ұпайға қол жеткізді.

Енді хоккейшілеріміз қарашаның 21-22-сі күндері өз алаңында атыраулық “Бейбарыспен” күш сынасады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp