«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЛШЫНЫСТАРЫ ЖОҒАРЫ

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Білім беру жүйесіндегі тәрбие үдерісінің бір бөлігі – дене шынықтыру. Бұл пән оқушылардың денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, саламатты өмір салтын ұстануға үйретеді. Осы арқылы патриот және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге болады. Барлық оқушылар сабақтарда, одан тыс уақытта да спортпен шұғылданып, күн сайын жаттықса, зор жетістіктерге жетеді.

Айыртау ауданындағы Бірлестік орта мектебінде спорт зал болмаса да, оқушылар ерік-жігерлерінің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Оқушыларымыз облыстық, аудандық жарыстарға ұдайы қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Спортпен кәсіби тұрғыда шынығатын түлектеріміз де бар. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8-сынып оқушысы Нұрбол Болатбектің, Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университеттің студенті, армрестлингтен спорт шеберіне үміткер Шынболат Қалымовтың болашағынан зор үміт күтеміз.
Бүкіләлемдік универсиадада ауыр атлетикадан жеңімпаз атанған Айдар Қазовты тәрбиелеген Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Ерік Әлібаев қазіргі таңда Нұрбол Болатбекті жаттықтыруда. Білікті бапкердің арқасында Нұрбол екі жыл қатарынан облыс чемпионы болды. Ал Шынболат Қалымов Ақмола облысы армрестлинг федерациясының басшысы Илья Ильиннің қарамағында жаттығуда. Қазіргі кезде екі түлегіміз де алдағы уақытта өтетін Қазақстан біріншілігіне дайындалу үстінде.

 

Жанат МҰҚАШЕВ,
Бірлестік орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
СУРЕТТЕ: Н.Болатбек пен бапкері Е.Әлібаев.
Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp