Бәрібір жасымаймын
Бәрібір жасымаймын, басылмаймын
Құмартқан жыр-өзенге Қасымдайын,
Бір күні ақ аспанды жарқ еткізіп,
Жалт қаратқан әлемді жасындайын.
Білемін тор құруға қасым дайын,
Халқым да сезінер ме ақын жайын,
Екіталай өлара туған шақта
Шындық үшін біреуге басым дайын.
Тағдыр бірақ қапамен қыстамасын,
Дүниені өтірікпен тыстамасын,
Туғаннан жалын шашып туған жанды,
Қыспақтың шеңберінде ұстамасын.
Сыймай тұрмын өзге сыйған қалыпқа
Ақиқатты ашып айтқан халыққа,
Өкінішім болмас еді-ау қалдырмай,
Алып шықсам ақ жырымды жыраққа.
Шыдай ма екен нар кеуделер зорлыққа,
Көнбеді ғой Махамбеттер қорлыққа
Ақындарға өрлеу кеуде біткен ғой,
Мойынбұрмас ана-мына жарлыққа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 6 қаралым