Қызылжарлықтарды құмар ойынға тартып, қалталарын қағып келген Орал қаласының тұрғынына 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.
Полицейлердің құрығына іліккен оралдық жігіттің Петропавл қаласындағы базарлардың бірінде құмар ойынды ұйымдастырып келгені анықталды. Оның ойынына қатысқысы келетіндер 500 теңгеден кем емес соманы төлеп, жасырынған зат қай кесенің астында жатқанын табуы тиіс болған. Осылайша жас жігіт аз уақыттың ішінде талай қызылжарлықтың қалтасын қағып үлгеріпті.
Жалпы жыл басынан бері мұндай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 4 адам жауапкершілікке тартылған болатын.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.