«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ АҚПАРАТТАР ЖІБЕРІП ТҰРҒАН

Солтүстік Қазақстанда спутниктік ха­бар таратқыш тағылған қарашақаздың бірін Румынияның браконьерлері өлтір­уі мүмкін. Бұл жайында Қазақстанның биологиялық алуан түрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері “Facebook” парақшасында хабарлады.

Болгариядағы құстарды қорғау ұйымының және Румыния орнитологиялық қоғамдастығы мамандарының хабарына қарағанда, қаңтар айында қарашақаз Виктория ауылынан хабар беріп тұрған. Қазіргі уақытта сарапшылар мен жергілікті билік өкілдері ақпарат жинаумен айналысып жатыр. Эмилия деген лақап аты бар 10 ай бойы бірнеше елдің орнитологтарына миграциялық жылжу туралы құнды ақпарат беріп тұрған екен.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp