«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ ЕҢБЕКТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Әл-Фараби – Шығыстың көрнекті ойшылы» атты көрме ашылды.


Ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай елімізде ауқымды шаралар өтуде. Әлемнің екінші ұстазы атанған философтың мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар біздің өңірімізде де жалғасын табуда. Бұл орайда кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ойшылдың өмірбаяны мен шығармаларына арналған жазушылар мен зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектері қатысушылардың назарына ұсынылды. 

 Өткен жылы халықаралық «Абай» клубының президенті, жазушы Роллан Сейсенбаевтың жетекшілігімен әл-Фарабидің асыл мұрасына арналған қазақ, орыс тілдерінде көптомдығы мен ағылшын тілінде бір томдығы жарық көрді. Биыл «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімі бойынша әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың мерейтойларына орай Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романдары жыл кітабы ретінде таңдалды. Аталмыш еңбектер де көрмеге қойылғанын айтып өткен жөн. Аталмыш көрме облыстық кітапханада жыл бойы өтеді. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары құнды әдебиеттермен кеңінен таныса алады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp