
Қазақстанның құрметті журналисі Амандық Жантеміров жергілікті тарихи-өлкетану музейіне бірнеше құнды заттарды тарту етті.
Өңірімізге белгілі қаламгер-журналистің мемлекет мұрағатына табыстаған құнды жәдігерлердің ішінде қасқыр ішік те бар. Өзі облыстық «Soltústik Qazaqstan» газетінде жазғандай / «Қасқыр ішік», 15 қыркүйек/ оны осы төңірекке он саусағынан өнер тамған тігінші ретінде әйгілі Бөкес Шаймерденқызы сәнді де қонымды етіп тігіп берген. Әлі күнге дейін тігісі де сөгілмеген күйі сақталған. Енді әкесі Мырзахмет киген, бүгінде көненің көзіндей қарашаңырақтың төрінде ілулі тұрған бағалы киімді «құтты жеріне қондыруды» жөн көрген.
Сонымен қатар Әбекең журналистік қызметінде 40 жылдан астам пайдаланған «ЗЭД» фотоаппарымен қоса биыл алғашқы саны шыққанына 100 жыл толған байырғы басылымнының тарихынана жан-жақты сыр шертетін «Қызылжар өңірінің өшпес шежіресі» және туған аулы жайлы мол мағлұматқа толы «Атақоныс-Ақтомпақ» кітаптарын да табыстады.
Қайрат САДЫҚОВ.