Биыл археологтар мен М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері Уәлиханов ауданындағы Қызылоба тарихи орнындағы Шыңғыс хан әулетінің жеті қабіріне қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Қазба жұмыстары кезінде көптеген құнды жәдігерлер табылып, оқу орнына жеткізілді.
150 шаршы метр алаңда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар жердің жоғарғы қабатын сылып тастап, ортасына қарай ойысқан. Тиянақты жұмыстың арқасында су таратуға арналған керамикалық құбыр мен шығыр бөліктері табылды. Барлық артефактілер жоғары оқу орнында сақтаулы. Алдағы уақытта жәдігерлер мамандандырылған зертханада қайта қалпына келтіріледі.
Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы
СҚУ-дің медиа орталығының бас редакторы.
Сурет inform.kz сайтынан