«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ МҰРА

Атақты академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толды. Осыған орай оның есімімен аталатын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы кәсіптік білім беру мекемелерінде еске алу кештерін ұйымдастырды.

Алғашқы кездесу Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде өтті. Кейін мұндай шаралар Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы, Тимирязев агротехникалық, Ақжар ауданының Ленинградское ауыл шаруашылығы колледждерінде жалғасты.

Студенттер Манаш Қозыбаев еңбектерімен мектеп бағдарламасынан таныс. Академик еңбек жолында ел тарихынан сыр шертетін 900-ден астам ғылыми мақала жазған. Оның жарық көрген оқулықтары, кітаптары – жас ұрпақ үшін құнды мұра.

Кездесу барысында Манаш Қозыбаев жайлы деректі фильм көрсетіліп, академиктің еңбектерінен, өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Қызмет барысында Манаш Қабашұлымен араласқан Анатолий Плешаков та өз естеліктерімен бөлісті.

Саят ЕРМЕК,

“Парасат” медиа

орталығының редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp