Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жасанды есеп-бақылау маркалары басылған ішімдік өнімдерінің 13 мыңдай шишасын жойды.
Петропавл қаласының көтерме сауда дүкендерінің бірінде жасанды есеп-бақылау маркалары басылған және сәйкес құжаттары жоқ алкоголь өнімдерінің сатылатыны жөнінде ақпарат түскен.
2015 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1-бабының 233-ші бөлімінде көрсетілген қылмыстық сипаты бар бұл іс сотқа дейінгі бірыңғай тізімге енгізілген. Тексеріс кезінде сәйкес құжаттарсыз, есепке алынбаған алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан сауда нүктесі белгілі болды.
Мұны жүзеге асырып келген тұлға жасанды есеп-бақылау маркаларымен өнім өткізгенін толық мойындады. Петропавл қалалық соты оның мүліктерін тәркілеп, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.