«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРБАН ШАЛУ МІНДЕТТІ МЕ?

Бір шаңырақ астында тұрып жатқан анасы мен оның кәмелетке толған балалары әрқайсысы бір-бір қойдан союы тиіс пе, әлде барлығы үшін бір құрбан шалу жеткілікті ме?

Ардақ Шәріпова,

зейнеткер.

Петропавл қаласы.

Оқырман сауалына Петропавл қалалық “Мұқсин” мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов жауап береді:

– Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу міндетті болуы үшін адамның жеке табысының көлемі зекет пен пітір садақадағыдай, қарыздары мен негізгі қажеттіліктерін санамағанда, 20 мысқал (85 гр.) алтынға немесе осыған пара-пар ақшаға не болмаса басқа бір мүліктің құнына тең болуы тиіс. Мұндай мөлшерде мал-мүлкі болмаса оған құрбандық шалу міндетті емес. Алла елшісі (с.а.с.): “Кедей мен жолаушыға құрбан шалу міндетті емес”, – деген.

Егер отбасы бірге жұмыс істеп, ақша табатын болса және әйелі мен балаларында жекеменшік құқығы болмаса (отбасылық мүлік бөлінбесе), отбасы иесі құрбандыққа бір мал шалса жеткілікті, басқаларына құрбан шалу міндетті емес.

Ал егер әйелі мен балаларының табыстары бөлек болса, олардың әрқайсысы оны өз қалауымен жұмсаса әрі жеке-жеке дүниеге иелік етсе, құрбанды да бөлек шалады.

Әйелдің жинаған мүлкі, мейлі ол ақша, алтын немесе басқа бір заттар түрінде болсын, нисап мөлшеріне жететін болса ауқатты әйел болып саналады және оған зекет, пітір садақа беріп, құрбан шалу міндеттеледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp